Na početak

АӘК қалай есептеледі


Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген.