Аты-жөнініз өзгерілген (немесе ұрланған / жоғалған) жағдайда жүргізуші куәлігін ауыстыру (+онлайн)
Жүргізуші куәлігі«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылыҚР Ішкі істер министрлігіменберіледі.
Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны –1,25АЕК.
Рәсімдеу мерзімі –2 сағат(емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде).
Аты-жөнініз өзгерілген жағдайда немесе ЖК ұрланған/жоғалған жағдайда она ауыстыру үшін онлайн-қызметті пайдалануға болады.
Онлайн-өтініштеМамандандырылған ХҚКОбелгілеп, цифрлық фотосуретті және электрондық қолтаңба суретін қойып, сондай-ақ онлайн режимде мемлекеттік бажды төлеу қажет.
Ресімдеу мерзімі – 1 сағат (18 С.00м. жұмыс уақытынан кейін немесе демалыс күні, мереке күні берілген өтінім бірінші жұмыс күнінің 9с.00м. кейін қабылданады).
Кейін өтініште белгілегенМамандандырылған ХҚКО-натөмендегі құжаттарды қолға алып, бару қажет:
- жеке куәлік;
- бұрын берілген жүргізуші куәлігі (аты-жөнініз өзгерілген жағдайда).
Арнайы ХҚКО-да құжаттарды тексергеннен кейін сізге дайындалған жүргізуші куәлігі беріледі.
Сондай-ақ сізге төмендегі құжаттарменМамандандырылған ХҚКО-нажүгінуіңізге болады:
- жеке куәлік;
- бұрын берілген жүргізуші куәлігі (аты-жөнініз өзгерілген жағдайда);
- тегі, аты, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік (аты-жөнініз өзгерілген жағдайда);
- Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25АЕК). Кассада кезекте тұрмау үшін Сіз онлайн-сервис арқылы жүргізуші куәлігін алуға мемлекеттік бажды төлеуге болады.
Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым
Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондауды ұсынамыз.
