Жүргізуші куәлігін мерзімінің аяқталуы бойынша ауыстыру
Жүргізуші куәлігі«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылыҚР Ішкі істер министрлігіменберіледі.
Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны –1,25АЕК.
Рәсімдеу мерзімі –2 сағат(емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде).
Егер cізде жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталған болса, онда оны ауыстыру үшін төмендегі құжаттарменМамандандырылған ХҚКО-нажүгінуіңіз қажет:
- жеке куәлік;
- бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
- медициналық анықтама 083/У (медициналық қарап-тексерудіМамандандырылған ХҚКО-даөтуге болады);
- Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25АЕК). Кассада кезекте тұрмау үшін cіз онлайн-сервис арқылы жүргізуші куәлігін алуға мемлекеттік бажды төлеуге болады.
Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым
Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондауды ұсынамыз.
