Алғашқы рет немесе санатты ауыстыру кезінде жүргізуші куәлігін алу
Жүргізуші куәлігі«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылыҚР Ішкі істер министрлігіменберіледі.
Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны –1,25АЕК.
Рәсімдеу мерзімі –2 сағат(емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде).
Алғашқы рет жүргізуші куәлігін алу үшін немесе санатын ауыстыру кезінде төмендегі құжаттармен кез келгенМамандандырылған ХҚКО-нажүгінуіңіз қажет:
- жеке куәлік;
- медициналық анықтама 083/У;
- автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік;
- "С", "D1", "D", "Tm", "Tb" санаттарына беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан құжат);
- Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25АЕК).
Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым
Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондауды ұсынамыз.
