Емтиханға дайындалу және оны тапсыру
Жүргізуші куәлігін алуға құқығы болу үшін жүргізу негіздерін оқу,жол қозғалысы қағидасынжаттау және емтихан тапсыру керек, ол сіздің біліміңізді растайды.
Автомектепке қабылдану үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Өтініш;
- Медициналық анықтама;
- Фотосурет 3,5х4,5 (4 дана);
- Жеке куәлік;
- Е санаты үшін – 12 айдан кем емес өтілін растау;
- Басқа санатқа жүргізушілерді қайта даярлау үшін – жүргізуші куәлігінің көшірмесі және жүргізушінің жеке карточкасы;
- Оқитын тұлға тарабы мен талапкер арасындағы шарт;
- Әскери билет немесе медициналық комиссиядан өту үшін тіркеу куәлігі.
Автомектепте оқу мерзімі таңдалған көлік құралына байланысты және бір айдан жарты жылға дейін болады.
Оқудан кейін, автомектептегі емтихандар төмендегі реттілікпен тапсырылады: бастапқыда теориялық, кейін – практикалық.
Практикалық емтиханның әрбір сынақ жаттығуы үшін қате тізбелері анықталады, сол жүргізуші кандидатурасынаЕмтиханды қабылдау қағидасының4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес қорытынды кестесімен көзделген айыппұл балы беріледі.
