Мүгедек адамдар нені білуі керек
Мүгедектігі бар адамдар мүгедектік тобының санатына қарамастан, егер оларға денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің түрі қарсы көрсетілмесе, жұмыс істеуге құқылы.
Бүгінгі күніҚазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінесәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету практикасы жұмыспен қамту органдары арқылы бос орындарға жұмысқа орналастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуді, жұмыс орындарын квоталауды, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруды, еңбек нарығында талап етілетін дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқытуды, қайтарымсыз гранттар беруді, жастарға шағын кредит беруді, сонымен қатар, олар басым құқықа ие болып табылатын субсидияланған жұмыс орындарына жолдама алады.
Жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
