«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы
"Дипломмен ауылға"жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі жәнеЭЦҚкөмегімен өтінімге қол қоюы қажет.
Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).
Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.
"Дипломмен ауылға"жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100АЕКмөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады.
