Na početak

Жол полицисы қызметкерлердің іс-әрекеті


Жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде істің барлық материалдарын ресімдеуі тиіс:

  1. ЖКО сызбасын құрастыру,
  2. ЖКО жерін қарау хаттамасы,
  3. әкімшілік хаттама,
  4. түсініктемелер іріктеу,
  5. жүргізушілерді медициналық куәландыруға жіберу.

Сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлері сіздің барлық құжаттарыңызды тексереді, сызбаны салады, сондай-ақ, кейбір жағдайларда, егер көлік құралы ЖКО орнында басқа аватомобильдердің қозғалысын қиындататын болса көлік құралдарын сүйреп әкетуді сұрайды.

Бұдан әрі жол-патрульдік полициясының қызметкері сізге жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының атына түсініктеме бланкісін береді. Осы құжат сот шешіміне тікелей әсер етеді, сондықтан барынша мұқият толтыруыңыз қажет. Онда ЖКО-ның шамамен алынған уақытын, көшелерінің қиылысы (қай жерге қарама-қарсы болды), автокөліктің мем. нөмірін, қозғалыс бағытын және оқиғаның егжей-тегжейлі сипаттамасын, МАҚЖ полисі нөмірін көрсету қажет.

Бұдан әрі жол-патрульдік полициясының қызметкері сызбаға міндетті түрде автомобильдердің сыртқы зақымдануларының сипаттамасын енгізеді. Барлық зақымданулардың ескерілгенін тексеріңіз. Бұдан кейін сізді сараптамаға куәландыру жүргізу үшін жібереді.