Na početak

ЖКО-ны жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік


Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы 20АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет 40АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Егер жоғарыда аталған әрекеттерді көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаса 60АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы 50АЕКмөлшерінде айыппұл салуға немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Егер жоғарыда аталған әрекеттерді көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаса 100АЕКмөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 611-бабына сәйкес зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.