Автомобилді айдап әкету
Автомобиль жоғалған кездегі іс-қимыл тәртібі
Бірінші кезекте 102 нөмірі бойынша кезекші бөлімге қоңырау шалу керек.
Полицияға жедел қоңырау шалған кезде стандартты процедураны іске қосады – «тосқауыл» жоспарының жергілікті нұсқасы, өйткені алғашқы бірнеше сағат ішінде автомобиль табу мүмкіндігі анағұрлым жоғары.
Полицияның бақылау және қоршау бекеттері ұйымдастырылады. Айдап әкету туралы ақпарат деректер қорына енгізіледі, сондай-ақ жедел іс-қимылдар жүргізіледі:
- ұқсас қылмыстар үшін сотталған адамдарды тексеру;
- автомастер және автотұрақтарды тексеру;
- қылмыс куәгерлерін анықтау
Содан кейін полицияға жазбаша түрде айдап әкету туралы өтініш беру керек. Оны полиция бөлімінің кезекші бөліміне бланк толтыру немесе Бас прокуратураның сервисі арқылы онлайн-өтініш беру жолымен жасайды.
