Салықтарды төлеу
Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн болып табылады. Көлік құралдарына салықты ұялы телефон арқылыE –Salyq Azamatмобильді қосымшасы(мобильді қосымшаны AppStore мен PlayMarket арқылы жүктеп алуға болады)немесе банктердің екінші деңгейдегі онлайн-қызметтерін пайдалану арқылы төлеуге болады.
Егер көлік салығының сомасын білгіңіз келсе ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағыhttps://kgd.gov.kz/ru/calc/transportsсілтемесі арқылы немесеE–Salyq Azamatмобильді қосымшасын пайдаланып көлік құралдары салығының есеп-қисабын аласыз.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (МКБ) бармай-ақ «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» электрондық сервисіндеE–Salyq Azamatмобильді қосымшасының көмегімен салыстырып тексеруге және салықты төлеуге болады.
Салықтық берешегінің бар/жоқ екені туралы мәліметтерді білу үшін сондай-ақE–Salyq Azamatмобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі» электрондық сервисте немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынанЖСНжазу арқылы тексеріп көруге болады.
