Салықты төлемегені үшін қандай жауапкершілік бар?
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»кодексіне сәйкес 240-нысандағы декларация уақтылы ұсынылмаған жағдайда жеке тұлғаға мемлекеттік кіріс органдарынан хабарлама жіберіледі.
Бірінші рет айыппұл емес, ескерту жасалады.Салықорганына салық есептілігін ұсынбағаны үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанған жағдайда төленетін әкімшілік айыппұл (15АЕК) құрайды.
Егер төлемді уақытылы төлемесеңіз, сізге ескерту келеді және одай жағдайда салық пен қоса өсімпұл төлейсіз. Өсімпұлды Мемлекеттік кірістер комитетініңсайтындағыкалькулятор арқылы есептеуге болады.
