Na početak

ПИК-тан МИБ-ға өту бойынша жалпы жиналыстың өтуіне кім бастамашылық етуге құқылы


Пәтерлер мен тұрғын емес орынжайлардың меншік иелерінің ПИК-тен МИБ-ға өту немесе басқа мәселелер бойынша жиналысы үй кеңесінің, жай серіктестіктің сенімді тұлғасының бастамасы бойынша не тексеру комиссиясының не пәтерлер мен тұрғын емес орынжайлар иелерінің кем дегенде 10 пайызының не тұрғын үй инспекциясының талабы бойынша шақырылады. 

МИБ құру үшін жергілікті әкімдікке жүгінудің қажеті жоқ, пәтерлер мен тұрғын емес орынжай иелерінің жиналысын өткізу жеткілікті.

Егер бұрын ПИК бір уақытта көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстау қызметтердің тапсырыс берушісі мен мердігері ретінде әрекет еткен болса, онда МИБ тапсырыс беруші ретінде ғана болады. Штатта көп жұмыскер болмайды.

Яғни, тұрғындар басқарушы немесе сервистік ұйымдарды тарта алады, мердігерлермен, коммуналдық қызметтермен шарттар жасай алады және орындалған жұмыстардың көлемі мен түрлерін және өзінің кондоминиум объектісі бойынша төлемдерді бақылай алады.