Na početak

МИБ қалай тіркеледі


Алғашқы жиналысында пәтерлердің, тұрғын емес орынжайлардың иелері:

  • үй кеңесінің мүшелерін;
  • кондоминиум объектісін басқару нысанын немесе басқару нысанын таңдау түралы таңдауы тиіс.

Пәтерлердің, тұрғын емес орынжайлардың иелері басқарудың екі түрінің біреуін таңдауға міндетті:

  1. мүлік иелерінің бірлестігін (бұдан әрі - МИБ) – пәтерлер мен тұрғын емес орынжайлардың иелері құрған заңды тұлға; 
  2. жай серіктестік - заңды тұлғаны құрусыз пәтерлер мен тұрғын емес орынжайлардың барлық иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы.

Одан әріжиналыста:

  • МИБ төрағасы;
  • тексеру комиссиясы (ревизор) сайланады.

МИБ төрағасыкөппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлер мен тұрғын емес орынжайлар иелерінің арасынан сайланады және басқару функцияларын жүзеге асырады, сервистік қызмет субъектілерімен қызметтер көрсетуге өзі шарттар жасайды.  

МИБ төрағасы сенімхатсыз бірлестікті барлық сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда танытуға құқылы.

МИБ төрағасының еңбекақысын жиналыста көппәтерлі үйдің барлық иелері келіседі.