Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған кезде не істеу керек?


Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз немесе мемлекеттік қызметшілер тарапынан басқа да заңсыз әрекеттерге куә болсаңыз,ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінемынадай тәсілдердің бірімен хабарласуыңызды сұраймыз:

  • Сыбайлас жемқорлыққақарсықызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойыншақоңырау шалу (қоңырау шалу тегін);
  • Агенттіктің пошталықмекенжайына жазбаша өтініш жолдау (010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19, "Б" блогы);
  • Агенттіктіңаумақтық департаментінежүгіну болу орны бойынша (байланыстар департаменттердің ресми сайттарында көрсетілген);
  • eotinish.kzэлектрондық үкімет порталы арқылы өтініш жіберу  (электрондық цифрлық қолтаңба –ЭЦҚқажет);

Құпиялылыққа кепілдік беріледі. Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралады және құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда Заң шеңберінде шаралар қабылданады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адам мемлекеттің қорғауында болады.

Электрондық өтініштер