Авторлық құқық объектілерінің түрлері қандай?
Авторлық құқық объектілеріне мыналар жатады:
- әдеби туындылары;
- драмалық және музыкалық-драмалық туындылары;
- сценарий туындылары;
- хореография және пантомима туындылары;
- мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылары;
- аудиовизуалды туындылар; кескіндеме, мүсін, графика және басқа да бейнелеу өнері туындылары;
- қолданбалы өнер туындылары;
- сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-бақша өнері туындылары; фотографиялық туындылар және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындылар;
- географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және үш өлшемді туындылары;
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және өзге де туындылары.
