Егер кредитормен келісімге келмеген жағдайда не істеу керек
Егер тұтынушы кредитормен келісімге келе алмаса, онда олҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінежүгінуге құқылы. Бұл ретте міндетті түрде өзінің кредиттік ұйымға өтініш білдіргенін және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбегенін растауды ұсыну қажет.
Агенттікке ресми өтініш білдіруге болады:
- жазбаша түрде, курьер арқылы, мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Көктем-3, 21 - үй;
- gov.kzэлектрондық үкімет порталы арқылы
- "e-Otinish" ақпараттық жүйесі бойынша.
Маңызды!Өтініш берген кезде міндетті түрде аты - жөні, ЖСН, байланыс телефоны, тұратын мекенжайы, өтініштің мәнін көрсету, сондай-ақ оған растайтын құжаттарды қоса беру қажет. Осы ақпаратты қамтымайтын өтініштер, сондай-ақ өтініш берушіні сәйкестендіру мүмкін емес өтініштер қаралмайды.
Сондай-ақ, келесілер арқылы кеңес ала аласыз:
- Агенттіктің Call-орталығы:1459. Call-орталықтың жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
- "Fingramota Online" мобильді қосымшасы, ол "виртуалды қабылдау " болып табылады. Қосымшада 14 тақырыптық бөлім бар, онда сіз тиісті сұрақтар қойып, реттеушіден жауап ала аласыз.
