Несиені кешіктіру кезінде қайда жүгінуге болады
Егер қарыз алушының кредит бойынша мерзімі өткен берешегі болса, ол мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік30 күн ішінде кредиттіқайта құрылымдау үшін жазбаша өтінішпен өзіқызмет көрсететін қаржы ұйымынажүгінуі қажет.
Өтініштеқарыз алушы мыналарды көрсетуі керек:
- міндеттемелердің орындалмау себебі (қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттардың болуы маңызды);
- міндеттемелерді орындау бойынша өз нұсқаларыңыз. Қарыз алушы кредиторға, мысалы: сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай Өзгертуді, төлемді кейінге қалдыруды, шарттың қолданылу мерзімін өзгертуді, қарыз валютасын, өтеу әдісін өзгертуді, мерзімі өткен негізгі борыш пен сыйақыны кешіруді, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) жоюды, өзінің қаржылық жағдайын ескере отырып, жаңа төлем кестесін жасауды немесе кепіл мүлкін өз бетінше өткізуді ұсына алады.
Осыдан кейін қаржы ұйымы15 күн ішіндеҚарыз алушының ұсыныстарын қарап, жазбаша түрде жауап береді. Несие беруші сіздің ұсыныстарыңызбен келісе алады, балама нұсқаларды қарастыра алады немесе бас тарта алады.
