Na početak

Қарыз алушылар кредит берушіге қашан жүгінуі керек


Мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-жеке тұлғалар өз кредиттерін немесе микрокредиттерін қайта құрылымдау мәселелерін құқықтық аясында азаматтардың өтініштерін қарауға міндеттелген кредиторлармен тікелей шеше алады.

2021 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік ұйымдардың (банктің немесе микроқаржы ұйымының) қарыз алушы жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудіңбірыңғай құқықтық режимі енгізілді, осы режимге сәйкес кредиторлар қарыз алушыны мерзімі өткен күннен бастап20 күнтізбелік күн ішіндетуындаған мерзімін өткізіп алу туралы хабардар етуге міндетті.

Хабарламада кредиторлар қарыз алушыға кешіктірудің нақты мөлшерін көрсете отырып, төлем жасау қажеттілігі туралы хабарлауы, оларға жүгіну құқығы және несиелер мен микрокредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы айтуы керек.