Тұруға ықтиярхатты қалай ресімдеуге болады
ҚР-да тұруға ықтиярхатты "тұрақты тұруға" санатындағы визаның негізінде ел аумағына келген шетел азаматтары ала алады.
Тұруға ықтиярхат ҚР аумағында 16 жастан бастап тұрақты тұратын шетелдіктерге беріледі. 16 жасқа дейінгі балаларға тұруға ықтиярхат талап етілмейді.
Үкімет қаулысына сәйкес ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхтаны рәсімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
- өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет;
- шетелдік паспорт.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырған және өтініш беруші формуляр түбіртегін алған сәттен бастап тұруға ықтиярхат берілгенге дейінгі мерзім 7 (жеті) жұмыс күніне дейінжеделдетілген тәртіппен жасаладыжәне әдеттегідей 17 жұмыс күніне дейін
Жаңа тұруға ықтиярхат ресімдеу кезеңінде шетелдік "Қазақстанда тұрақты тұратын" мәртебесін жоғалтпайды.
ҚР-да шетелдіктің тұруға ықтиярхатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларынасәйкес тұруға ықтиярхат шетелдіктің азаматтығы елінің паспортының қолданылу мерзімі мерзіміне 10 жылға беріледі.
Қазақстан Республикасында тұру құқығына қолда бар құжаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы немесе жаңа құжатты беру туралы өтінішті шетелдіктер олардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей, ал жоғалған жағдайда - үш тәуліктен кешіктірмей беруі тиіс.
