«Инватакси» көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызметті алу үшін инватакси қызметін көрсететін ұйымға келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- өиініш (кез келген нысанда);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 026/у нысанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы міндетті талап болып табылады;
- № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі .
2 және 4-тармақтарда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушілерге қайтарылады.
Инватакси көрсетілетін қызметтері жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге бірінші кезекте ұсынылады.
Басқа мүгедектер үшін инватакси қызметі олар өтініш берген ретпен көрсетіледі.
