Na početak

Қауіпсіздік тұрғысынан пәтер иелеріне арналған кеңестер


  • Демалысқа шығар алдында пәтер туралы ойланыңыз.
  • Егер сіз қысқа уақытқа кетіп бара жатсаңыз, жарықты дәлізде қалдырыңыз, балконға кептіру үшін киім іліп қойыңыз, кіреберіске радионы қосып қойыңыз.
  • Желдеткіш саңылауларды ашық қалдырмаңыз.
  • Перделерді жауып қойған дұрыс.
  • Егер сіз газет жаздырып алатын болсаңыз, пошта бөлімшесінен газетті келгенге дейін күнде әкеліп тұруын сұраңыз.
  • Көршілеріңізбен араласып тұруға тырысыңыз. Көшілеріңізден пошта жәшігіңізден жарнамалық хабарламаларды алып тұруын өтініңіз.  
  • Көршілеріңізбен өзара қорғаныс туралы келісіңіз. Егер олар есіктің жанында күдікті бейтаныс адамды көрсе, онда олар полиция шақырады немесе  керісінше.
  • Егер көршілеріңіз пәтерді жалға берсе, мүмкіндігінше олармен сізді таныстыруын сұраңыз.
  • Айтпақшы, есіктегі «объект қорғауда тұр» деген жапсырма ұрыға ыңғайсыздық тудыруы керек.