Ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ жерлерде өскен кезде
-
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
-
өтемдік ағаш отырғызу жоспары;
-
көшеттерді отырғызудың аяқталу күнін көрсете отырып, өтемдік отырғызуға кепілдік хат.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы; дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы; лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер; көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
