Қазақстан азаматымен некеге тұрған шетелдіктер
Ол үшін тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне өтініш пен келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- бұрынғы азаматтығынан шығу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- сауалнама – бекітілген нысандағы өтініш;
- 3,5 х 4,5 см төрт фотосурет;
- шарттарды орындау міндеттемесі;
- төлқұжат көшірмесі;
- неке туралы куәліктің көшірмесі;
- жұбайының – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ;
- мемлекеттік баж төлеу чегы – 1 АЕК.
Осыдан кейін оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және паспортын беруге негіз болатын анықтама беріледі.
