Na početak

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына және олардың ұрпақтарына


Тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне өтініш пен келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. бұрынғы азаматтықтан шығу туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
  2. сауалнама – бекітілген нысандағы өтініш;
  3. 3,5 x 4,5 см төрт фотосурет;
  4. шарттарды орындау міндеттемесі;
  5. өмірбаян;
  6. жеке куәліктің көшірмесі;
  7. мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртек;
  8. ақтау туралы сот шешімі немесе олардың саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары екенін растайтын құжаттар.

Осыдан кейін оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және паспортын беруге негіз болатын анықтама беріледі.