Ресей, Беларусь және Қырғызстан азаматтары үшін
Тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша қалалық ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшелеріне өтініш пен келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- сауалнама – бекітілген нысандағы өтініш;
- бұрынғы азаматтығынан шығу туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
- 3,5 х 4,5 см төрт фотосурет;
- өмірбаян;
- шарттарды орындау міндеттемесі;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- туу және неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек.
Өтінішті қараудың жалпы мерзімі 3 айды құрайды, одан кейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және паспортын беруге негіз болатын анықтама беріледі.
