Na početak

Жалпы белгіленген тәртіп


Қазақстан Республикасының азаматтығын:

  • Қазақстан Республикасында 5 жылдан аса тұрғандар мен Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғандар;
  • Қазақстан аумағында өздерінің жақын туыстарының бірі тұратын бұрынғы одақтық республикалардың азаматтары ала алады.

Тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне өтініш пен қажетті құжаттарды тапсыру қажет. Өтініш Қазақстан Республикасы Президентіне жазылады.

  • сауалнама – белгіленген нысандағы өтініш;
  • өмірбаян;
  • 3,5 х 4,5 см төрт фотосурет;
  • шарттарды орындау міндеттемесі;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртек ;
  • басқа мемлекеттің құзыретті органы берген бұрынғы азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғаны туралы анықтама.

Қызмет көрсету мерзімі – 6 ай.

Осыдан кейін шетелдіктерге Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортын беруге негіз болатын анықтама беріледі