Na početak

Титул парағы


  • Банктік қарыз шартына, жадынамадан басқа, титул парағы қоса беріледі, оның форматы банктер үшін бірдей.

    Титул парағы:

    • қарыз сомасы және мерзімдері;
    • сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
    • жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
    • өтеу әдістері мен тәсілдері;
    • банкке тиісті өтінішпен реттелетін негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге қарыз алушының құқығы;
    • шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақының (айыппұл, өсімпұл) мөлшері туралы ақпаратты қамтуға тиіс.