Na početak

Қарыз алушыға арналған жадынамада мыналар


  • қарыз сомасы және валютасы;
  • қарыз мерзімі; төлемдер саны;
  • сыйақы мөлшерлемесінің түрлері (белгіленген немесе өзгермелі), жылдық пайызбен немесе белгіленген сомадағы сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
  • шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
  • қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың, өзге де төлемдердің атауы мен мөлшері;
  • өтелетін жалпы сома;
  • сыйақының жинақ сомасы;
  • негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері;
  • банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатсыз пайдаланғаны, сақтандыру шарттарын уақтылы ресімдемегені және т.б.);
  • банктің байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, банк сайтының мекенжайы) туралы ақпарат бар.

Жадынамада көрсетілген қарыз беру талаптары банктік қарыз шарттарын басқа банктердің қарыз шарттарымен танысу және салыстыру мақсатында болжамды болып табылатынын білуіңіз керек. Соңғы талаптар шартта көрсетіледі.