Біріншісі (сараланған) – кредиттеу мерзімі ішінде теңбе-тең азаятын теңдей емес ай сайынғы төлемдерді білдіреді. Ай сайынғы төлем ай сайын азаяды, өйткені негізгі қарыз тең үлестермен өтеледі, ал пайыздар қарыздың қалдығына есептеледі.
Екінші жағдайда (аннуитеттік) әңгіме бүкіл кредиттеу мерзіміне созылған тең мөлшердегі ай сайынғы төлемдер жөнінде болып отыр. Берешекті өтеу кредиттеудің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Негізгі қарыз бойынша төлемдер көбейеді, ал сыйақы бойынша төлемдер азаяды.