Na početak

Мәмілеге рұқсатты қалай алуға болады


Кәмелетке толмаған адамның мүлкіне иелік етуге қорғаншылық және қамқоршылық органдары беретін анықтама рұқсат болып табылады.

Оны алу үшін онлайн-қызметті пайдалану керек

Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру

Онлайн-өтінім берген кезде оған келесі құжаттар тізімін қоса беріп, өзЭЦҚ-мен қол қою қажет:

  1. электрондық құжат нысан бойынша кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін өтініш;
  2. (АХАЖ АЖмәліметтер болмаған жағдайда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
  3. жұбайының атынан нотариус куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б.;
  4. заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустан) (заң бойынша мұрагерлікке құқық алған жағдайда);
  5. мүліктің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
  6. баланың (балалардың) пікірінің электрондық көшірмесі (он жасқа толған жағдайда).

Қорғаншы және қамқоршы орган ұсынылған құжаттарды және ата-ананың (өкілдің) мәмілені аяқтау қажеттілігі туралы дәлелдерін зерттегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде мәмілеге келісім бере алады немесе дәлелді бас тартуы мүмкін.