Na početak

Мобильді аударымдарды бақылау


Мобильді аударымдарды бақылау жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы алады.

Бір жеке тұлғаның 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы өлшем болып табылады.