Әуесқойлық (спорттық) балық аулау қайда өткізіледі
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулаубекітіліп берілгенжәне бекітіліп берілмеген(резервтік қорда)балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінде өткізіледі
Резервтік қордаәуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда 5 килограммға дейін ақысыз қандайда бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. 5 килограммнан аса аулаған кезде аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінен рұқсатты жазбаша өтініш бойынша алуы қажет.
