Балық аулаудың түрлері
Балық аулау төмендегі түрлерге бөлінеді:
- кәсіпшілік балық аулау;
- әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
- ғылыми-зерттеу үшін аулау;
- бақылау үшін аулау;
- мелиорциялық аулау;
- өсімін молайту мақсатында аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау– спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстар өткізу мақсатында, сондай-ақ аулау құралдарын жеке-дара ғана аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, ауланған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да жануарларын аулау.
