Әуесқойлық аң аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады


Қазақстан аумағында аң аулау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген Аң аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аң аулау бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жүргізіледі.

Егер сіз әуесқойлық аң аулаумен айналысуды, яғни спорттық қызығушылық және жеке тұтыну үшін жануарлардың мақұлданған түрлерін олжалауды шешсеңіз, онда сізге белгілі бір рұқсат құжаттарын рәсімдеу қажет.