Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру үшін
- ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда,ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
- жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
Пәтерді, жатақханалардағы бөлмелерді және жапсарлас үй-жайларды техникалық тексеруге өтініш білдірген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама жіберіледі.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы техникалық паспортты бергені үшін қосымша төлемді растайтын құжатты ұсынған кезде береді, ал қызметтер көрсетуге шарт жасасқан кезде көрсетілетін қызметті алушы қол қойған орындалған жұмыстар актісін қосымша ұсынады.
Барлық негізгі рәсімнің аяқталу кезеңі пайдалануға беру актісін тіркеу болады.
Жаңа техпаспортты алғаннан кейін пайдалануға беру актісін тіркеу үшін жүгіну қажет.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу"мемлекеттік қызмет стандартының негізінде акт тіркеледі.
Ыңғайлылық үшін электрондық техникалық паспортты алу жөніндегі өтінішті онлайн-қызмет арқылы беруге болады.
