Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға:
- құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу – бір жұмыс күні;
- жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты техникалық паспорт беру:
- пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күні беріледі;
- жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт бесінші жұмыс күні беріледі;
- жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт жетінші жұмыс күні беріледі;
- жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге техникалық паспорт көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап оныншы жұмыс күні беріледі;
- бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт бесінші жұмыс күні беріледі.
