Заңсыз жүргізілген қайта жоспарлау үшін жауапкершілік
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте өзіндік заңсыз қайта жоспарлау үшін жауапкершілік көзделген. Осылайша,Кодекстің322-бабына сәйкес тұрғын үйде сәулет-құрылыс жобасыз және сәулет пен қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органның рұқсатысыз тұрғын және тұрғын емес орынжайларды заңсыз қайта жабдықтау мен қайта жоспарлау үшінжеке тұлғаларға 30АЕКмөлшерінде, ал заңды тұлғаларға – 90АЕК-тан бастап 300АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Егер қайта жабдықтау /қайта жоспарлау/ қайта жаңарту ғимарат беріктігінің толығымен кетуіне әкеп соқтырса немесе оған әкеп соқтыруы мүмкін болса, жеке тұлғаларға80АЕКмөлшерінде, ал заңды тұлғаларға – 180АЕК-тен 500АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
