Na početak

Бірлескен зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?


Бірлескен (ерлі-зайыптылық)зейнетақы аннуитеті– зейнетақы аннуитетін алу үшін ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді.

Егер ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстардың бірінде зейнетақы аннуитетін алуға жеткілікті зейнетақы жинақтары болмаса, ал екіншісінде артық болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті олардың екеуіне де ресми зейнеткерлікке шығуды күтпей-ақ өмірлік төлем ақы алуға мүмкіндік береді.

Алайда, ол үшін БЖЗҚ-да жеткілікті мөлшерде жинақ болуы қажет. Осы сома салымшының жынысы мен жасына байланысты өзгереді.