Зейнетақы тағайындау үшін қайда жүгіну керек
Келісімге сәйкес еңбеккердің зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін тұрғылықты мемлекеттің құзыретті органына және жұмысқа орналасқан мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасында Келісім шеңберінде зейнетақы тағайындау және төлеу мәселелері бойынша тікелейБЖЗҚ-ға жүгіну қажет.
Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін (01.01.2021 ж.бастап) Ресей Федерациясының аумағында жұмыс істеді және Ресей заңнамасы бойынша зейнетақы алу құқығы басталған кезде оған зейнетақы тағайындау және төлеу үшін өтініш пен тиісті құжаттарды тапсыру қажет емес. Тұрғылықты елдің құзыретті органына, яғниБЖЗҚ-ға жүгіну жеткілікті. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде де зейнетақы алу құқығы басталған кезде өтініш берудің осындай тетігі.
