Na početak

ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің азаматтарына арналған зейнетақы құқықтарының ауқымы қандай


Келісімге сәйкес еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары үшін қолданылатын шарттармен жүзеге асырылады.

Келісім қолданылатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған.

Қазақстан Республикасында келісім қалыптастырылған зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ дан зейнетақы төлемдеріне қолданылады:

  • зейнеткерлік жасқа жеткенде;
  • егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектік белгіленген кезде;
  • мұрагерлерге біржолғы төлем.

Келісімнің толық мәтінімен мына жерде Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында танысуға болады.