Na početak

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісімнің мақсаты


Келісімнің негізгі мақсаты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің жұмысқа орналасу мемлекетінің азаматтары үшін қолданылатын шарттармен және тәртіппен зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына өз азаматтарына осындай шарттармен берілетін құқықтар көлеміне тең зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарының көлеміне кепілдік беруі тиіс дегенді білдіреді.

01.01.2021 ж. бастап Келісім ережелеріне сәйкес:

  • ЕАЭО елдері еңбекшілерінің – азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттармен және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады;
  • Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары жатады.