Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлем мөлшері қандай және оны қашан төлейді
Жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем сомасы жарнама көлемі мен оның орналасқан орнына байланысты.
Сыртқы жарнаманы орналастыруға арналған ай сайынғы базалық төлем мөлшері Салық кодексінің605-бабындакөрсетілген.
Төлем сомасы ағымдағы айдың 25 күнінен кеш емес мерзімде ай сайын төленеді. Бұл ретте жарнама беруші сыртқы жарнаманы орналастырудың алғашқы айында салықты хабарлама жіберілгенге дейін ерте төлеуі тиіс.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары хабарлама жіберген кезде төлем төлеушілер бюджеткесыртқы (көрнекі) жарнамаорналастырудың алғашқы айы үшін төлем сомасын енгізгенін растайтын құжатты қоса береді.
Төлем сомасы бюджетке сыртқы жарнаманы орналастыру орны бойынша төленеді.
