БЖЗҚ веб-сайтындағы жеке кабинет арқылы өтініш беру
Интернет-ресурстағы жеке кабинет арқылы өтініш берген кездеenpf.kzкелесі қадамдарды орындау қажет:
1-қадам. Жеке кабинетке кіру.
2-қадам. "Қызметтер" Жеке кабинетінің кіші бөліміне өтіңіз.
3-қадам. "УПИ таңдау (өзгерту) туралы немесе УПИ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беру" қызметін таңдау және SMS-хабарлама арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қою (ол болмаған жағдайда).
4-қадам. "Аударма шарттары" бөлімінде:
- операция түрін көрсету (УПИ таңдау не УПИ өзгерту не ҚР ҰБ-ға қайтару);
- Зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ немесе ЕЗЖ) аударғыңыз келетін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдауға;
- ұсынылып отырған УПИ Анықтамалығынан Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға не ҚР ҰБ-на (Зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруға қайтарған жағдайда) аударғыңыз келетін УПИ атауын таңдау;
- "УПИ-ні өзгерту" немесе "ҚР ҰБ-на қайтару" операциясының түрін таңдаған жағдайда аударым мөлшерін ("ішінара аудару" немесе "қосалқы шоттағы бар қаражат мөлшерінде")таңдау;
- ішінара аудару кезінде сенімгерлік басқаруға не ҚР ҰБ-ға қайтаруға жататын соманы көрсету;
- ұсынылған ақпаратпен танысуға және келісімін/келіспейтінін білдіруге міндетті.
5-қадам. ЖекеЭЦҚөтінішіне қол қою.
6-қадам. Жеке кабинеттің басты бетінде "менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім"деген кіші бөлімде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.
