Na početak

Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойыншахалыққа қызмет көрсету орталығына:

  • қызмет алушының өтінішін; 
  • жеке куәлік; 
  • медициналық карта; 
  • балалар үшін - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмелері. 

Жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы 5 жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамның, қарт адамның тұрғылықты жеріне барады және тұрғын үй мен материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайды. 

Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін алған күннен бастапүш жұмыс күніішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылданады.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу