Келу уақыты, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттары
Әлеуметтік қызметкерлердің қызмет алушыларға келуі үйге қызмет көрсету ұйымының басшысы бекіткен келу кестесі бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, үйге қызмет көрсету ұйымының басшысы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін жағдай жасауы керек, оның ішінде:
- оңалту шараларын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен және байланыс, диагностикалық, дидактикалық, дамытушылық және басқа материалдармен жабдықталған үй-жайлар;
- персоналды қызмет алушыға қамқорлық жасаудың білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;
- персоналды қажет болған жағдайда көлік құралымен, жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
- қарттар мен мүгедектерге күтім жасау үшін әлеуметтік қызметкерлерді формамен, жеке қорғану құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар)
