Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді кім ала алады
Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға болады:
- психоневрологиялық патологиясы бар 1,5-тен 18-ге дейінгі мүгедектігі бар балалар;
- тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5-тен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар (ТҚА бұзылған балалар);
- психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар (қарттар).
