Na početak

Әлеуметтік қолдау алу үшін тізімге қалай кіруге болады


Ауылдық жердегі елді мекенді таңдау және өз бетінше жұмыс табу қажет (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т. б.).

Жұмысты өз бетінше іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, облыс әкімдіктеріне хабарласуға болады. Бұдан басқа, бос орындар туралы ақпаратты әкімдіктерінің сайттарынан алуға болады.

Жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажет.

Әлеуметтік қолдау алуға ниет білдірушілер үшін критерий дипломның болуы болып табылады. Бұл техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қатысты. Бұл санатқа жоғары оқу орындарының түлектері, магистратура/интернатураны бітірген тұлғалар, сондай-ақ мамандықтар бойынша колледждердің түлектері жатады.