Na početak

Әскери қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету


Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ жасына немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен босатылғандар тегін медициналық көмек алуға құқылы.

Әскери қызмет өткеру орнында немесе әскери қызметшiнiң тұрғылықты жерiнде әскери-медициналық мекемелер, мамандар немесе арнайы техника болмаған жағдайда, әскери қызметшiлер кепiлдiк берiлген медициналық көмекшеңберiнде басқа мемлекеттiк немесе жекеменшiк емдеу мекемелерiне жүгiне алады.

Әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде жараланған, контузия алған, жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер құрамында әскери қызмет өткерiп жатқан Қарулы Күштер қаражаты есебiненсанаториялық-курорттық емдеуге жiберiледi.