Na početak

Шетелге баруға қалай дайындалуға болады?


Алдағы болатын елдегі Қазақстан Республикасының елшіліктерінің немесе консулдық мекемелерінің телефондарын жазып алыңыз (ҚР шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің мекен-жайлары мен телефондары).

Медициналық сақтандыру және екпелер

Шетелде болу кезеңіне медициналық сақтандыру полисін алдын ала сатып алу дұрыс болады.

–Қазақстандағы сақтандыру ұйымдардың тізімі

Басқа елде қажет болуы мүмкін дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алыңыз. Қандай дәрі-дәрмектерді баратын елге тасымалдауға рұқсат етілетінін алдын ала біліп алыңыз.

Тропикалық елдерге шығу кезінде дифтерия, сіреспе, полиомиелитке қарсы егу ұсынылады. 

Екпелер медициналық мекемелердің мамандандырылған кабинеттерінде жасалады, өйткені вакциналар белгіленген сақтау қағидасын талап етеді.